Бангладештің батыс бөлігіндегі Магура қаласында генетикалық ақаумен сәби дүниеге келді. Бұл ауру өте сирек кездеседі. Оны прогерия деп атайды. Яғни, уақытынан бұрын қартаю. Мұндай дертпен туылған балалар қарияға ұқсайтын болады. Олар әдетте 20 жасқа дейін ғана өмір сүреді. Ресми мәлімет бойынша, аталған аурумен 80 адам ауырған.
Баланың ата-анасы Парул мен Бисвайт сәбиін «Ғажайып бала» деп атайды екен. Олар балаларының бақытты ғұмыр кешуін тілейді.
Баланы көру үшін халық кезекке тұрады екен. Айта кетейік, бұл бала отбасындағы тұңғыш бала емес. Бисвайт пен Парулдың бұдан бөлек дені сау қызы бар.
Дайындаған: Әсем Әлмұханбет