Британдық RSPH ұйымының зерттеушілері ең қауіпті әлеуметтік желілерді анықтады

/uploads/thumbnail/20170710075933336_small.jpg

Британдық RSPH медициналық ұйымның зерттеушілері әлеуметтік желілер жеткіншектердің психикалық саулығына қалай әсер ететінін зерттеді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Әлеуметтік сауалнаманың нәтижесінде, сарапшылар әлеуметтік желінің қайсысы қауіпсіз екенін және қайсысы зиянды екенін анықтады.

YouTube-тің жастарға зиянды әсері жоқ екен. Одан кейінгі орында Facebook пен Twitter әлеуметтік желісі тұр.

Төртінші және бесінші орынды Snapchat пен Instagram алды. Instagram денсаулыққа ең зиянды әлеуметтік желі болып табылды. Сарапшылардың пайымдауынша, аталмыш желі жеткіншектерде депрессия мен ашушаңдықтың пайда болуына әсер етеді.

RSPH басшысы Ширли Крамердің айтуынша, әлеуметтік желі адамдарда қызғаныш, алкоголді ішімдік мен темекіге әуестікке ұқсас тәуелділік алып келуі мүмкін.

Сарапшылар жүргізген сауалнамаға 14 пен  24 жас аралығындағы жастар қатысты. 

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

Связанные Статьи