Дарынды әншінің алғашқы концерті оның өлімімен аяқталды (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710082842334_small.jpg

Дарынды адамдардың өміріне де, өнеріне қызығушылық танытатынымыз белгілі.  Егер адам талантты, дарынды болса көптеген жетістікке жетіеді. Алайда адам дарынды болса  бақыт пен сәттілікке жеткізе бермейтін де кездер болады.  Өмірі қайғылы оқиғамен аяқталған Кристина Гриммидің оқиғасын Қамшы ақпараттық агенттігі оқырман назарына ұсынады.

Кристина Гримми кішкентай кезінен бастап музыкаға қызығушылық танытқан. Кейін ол болашағынан зор үміт күттіретін әнші екенін ата-анасы байқай бастаған. Ол өзі айтқан әндерді ғаламторға салып отырыпты. Кейін Кристина музыкалық шоу бағдарламаларға қатысып, бағын сынап көрмекші болады.

Сондай музыкалық бағдарламалардың брінде Кристина 3-орын алып, танымалдылығы арта бастайды. Қазылар алқасы Кристинаның болашағынан зор үміт күткен болатын. Оның атақты жұлдыз атанатынына ешкім күмән келтірген жоқ.

Бірақ бараз уақыттан кейін оның өмірінде қайғылы жағдай орын алады. Ол жеке коцертін өткізіп жатқан кезде оған өз сезіміне ие бола алмаған жанкүйерлерінің бірі оқ атады. Өзгелер есін жинап болғанша әлгі жанкүйер 3 рет оқ атқан. Егер Кристинаның ағасы келіп араша түспегенде ол оқ атуын жалғастыра берер еді. Өкінішке орай ағасы Крисинаны құтқара алмады.

Соңында есін жинаған жанкүйер өзін-өзі атып өлтіреді.  Өзіне жасалған қастандықтан кейін де Кристина тірі болған, бірақ жағдайы ауыр еді. Өкінішке орай, дәрігерлер Кристинаны құтқара алмады.

Ерекше дарын иесінің өмірі осылай аяқталғаны өкінішті, әрине. Барлығы әншінің дарындылығына есіл дерті кеткен жанкүйердің кесірінен болды. Күзетшілердің айтуы бойынша, егер Крисинаның ағасы араша болмағанда басқа да адамдардың жарақаттануы мүмкін еді.

Аударған: Әсел Өтешова

Связанные Статьи