БЖЗҚ Қоғамдық кеңесіне жаңа төраға сайланды

/uploads/thumbnail/20170710082850254_small.jpg

24 мамырда БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық Кеңестің төртінші отырысы болып өтті. Күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың бірі – Кеңестің төрағасын тағайындау болды. Көпшілік дауыспен Қоғамдық кеңестің төрағасы болып заңгер Евгений Сейпульник сайланды. Бұл туралы БЖЗҚ-ның фейсбук парақшасында жазылды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. 

Евгений Сейпульник "Solutio" заң фирмасының бас директоры қызметін атқарады. Бұған дейін қоғамдық кеңесті саясаттанушы Досым Сәтбаев басқарған еді. Айта кетейік, 2017 жылдың сәуір айында Досым Сәтбаев өзінің БЖЗҚ қоғамдық кеңесінің құрамынан шығатынын хабарлаған. 

Шолушы: Гүлім Жақан

Связанные Статьи