2017 жылдың 23 мамыр күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті тарапынан «Түркі-славян байланысындағы тіл және әдебиет: қазіргі заман көзқарасы» атты халықаралық ғылыми конференция өткен болатын. Осыған байланысты Қамшы тілшісі филология ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ доценті, Ш.Уәлиханов атындағы атаулы сыйлықтың иегері Бөрібаева Майнұр Әбілтайқызынан сұхбат алды.
«24 мамыр бүкіл Славян әлемінде және Еуразия кеңістігінде «Славян жазбасы» күні деп аталады. Қазақстан Республикасын тілдерді қолдану мен дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасы 2011 мен 2020 жылдар аралығында қолға алынған болатын. «Түркі-славян байланысындағы тіл және әдебиет: қазіргі заман көзқарасы» іс-шарасы осы бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған. 24 мамыр «Славян жазбасы» деп аталса, 18 мамыр Қазақстанда 2014 жылдан бастап «Түркі жазбасы» деп аталып келеді.
2007 жылдан бастап мамыр айының 23 мен 24 жұлдызы аралығында Славян жазбасына арналған ғылыми дөңгелек үстел немесе ғылыми конференциялар өтіп жүр.
«Түркі-славян байланысындағы тіл және әдебиет: қазіргі заман көзқарасы» конференциясына беделді тұлғалар келді. Соның ішінде: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Мелдешов Ғалымжан, Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Бочарников Михаил Николаевич, Қазақстан Республикасындағы Болгария Республикасы елшісінің орынбасары Иван Генов, Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастық өкілеттігі жетекшісі Нефёдов Виктор Леонидович.
«Түркі-славян байланысындағы тіл және әдебиет: қазіргі заман көзқарасы» деп аталғаны бекер емес. Өйткені кешегі ғылым мен бүгінгі ғылым арасы күннен күнге толықтырылып, өзгерістер болып жатыр, соның бәрі осы конференцияда талқыланды. Қазақстанда шетелден келген студенттер көп. Шетел студенттеріне орыс тілін, славян тілдерін қалай оқытуға болатыны және қазіргі таңда тілдердің үйренудің қандай ерекшеліктері бар екені қарастырылды»