Орал қаласының тұрғыны өз гаражында иттерді мүшелеп кесіп, өліктерін қоқысқа тастаған

/uploads/thumbnail/20170710084530581_small.jpg

Әлеуметтік желіде денесі мүшеленген және өртенген жануарлардың суреттері кеңінен тарады, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Мой город басылымына сілтеме жасап.

Орал қаласының тұрғыны «Победа» гараж кооперативінде «Айгүл» аялдамасының ауданында орналасқан гараждың суретін әлеуметтік желіге жүктеген. Бұл гараждың иесі жануарлардың денесін мүшелеп кесіп, олардың өліктерін жақын маңда орналасқан қоқысқа алып тастайды екен.

«Қоқыс тастайтын жердің иісі тым жаман. Менің түсінбейтінім, осы уақытқа дейін мұны ешкім байқамаған ба? Менің итім жоғалып кетті және оны сол еркек алып кетті деп естігенмін. Мен ол гаражды тауып алдым, онда жануарларды қинауға арналған бүкіл жабдықтар бар – төбеге байланған жіптер, пышақтар, қан ағып кететін тазик», - деп жазады суретті ғаламторға жүктеген Орал қаласының тұрғыны Алена.

Бойжеткен, сонымен қатар, өз постында гараждың қасында орналасқан қоқыс тастайтын жер иттердің ішкі ағзалары мен кесілген бастарына толы екендігін жазып қалдырған.

Аударған: Назерке Лабихан

Связанные Статьи