Бір ақынды іздеймін

/uploads/thumbnail/20170710084544769_small.jpg

Ол жусанның інісі,

Шеңгел болып кектеген,

Маған ерек жұпары

Жусандардан көптеген.

Бір ақынды іздеймін

Көкпек жаққан көне үйдің

Көжесімен көктеген.

Мен Жайықтың қызымын,

Ол Ырғыздың баласы,

Досы да жоқ, жауы жоқ,

Жоқ ешкіммен таласы.

Бір ақынды іздеймін

Бәрін үнсіз кешіріп,

Биіктеу тұрған бағасы.

Сәби көңіл сенімі мен дәмесі

Өзінен зор өлермен,

Тірегі жоқ,

Жалғыз досы –жүрегі

Бір ақынды іздеп келем әлі мен.

Дәруіш ой, дәрменім жоқ қашуға

Құтылармын деген ең,

Неге екенін білмесем де бүгінде

Ізің қуып келем мен.

Бір білерім –бұл әлемге керекпіз

Шыдатпайды  шөл дейтін.

Сол үшін де өлең болып қаламыз

Мәңгілікке өлмейтін.

Өлең жазу –өле алмаудың ермегі?!.

Мә ендеше не қалды?..

Шындық қанша ащы болсын кермегі

Шөлдегенге обалды.

Сонда қалай...

Мен тоналдым, тоналдым...

Жо-жоқ, міне

Нұр тауып ап мұңнан да

Мейірімді боп алдым... 

Авторы: Гүлмира Сүйекенова

Связанные Статьи