Бәйге жарысынан қайтқан жылқылар тірідей өртенген (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710084549925_small.png

Батыс Қазақстан облысының Жаңғалы ауылындағы тас жолдың бойында жылқылар тиелген жүк көлігі өртенген, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

Ал куәгерлердің түсіріп алған видеосынан жүк көлігі байқалмайды. Жылқылардың өлі денелері жол бойында шашылып жатыр, тіпті кей жолдар қанға боялған. Соған қарағанда, видеоға түсірушілер жылқылардың бауыздалғанын айтады.  

«25 мамырда керемет ат жарысы болып еді. Қайтып бара жатқанда аяқ астынан машиналары өртеніп, мына аттар өртеніп кеткен ғой. 4 ат. Екеуі жаңадан шауып, бәйге алып еді. Қиын екен. Байғұстар. Кәдімгідей пісіп қалған ғой...», - дейді видеоға түсірген куәгерлер.

Связанные Статьи