Үндістан тұрғындар саны бойынша Қытайдан басып озды. Демограф И Фусян жүргізген зерттеу нәтижесінде Қытай Халық Республикасы өзінің тұрғындар санын 90 млн-ға көбейтіп есептегенін мәлімдеді. Ғалымның есептеулеріне сенетін болсақ, Қытайда қазіргі уақытта 1,38 млрд емес 1,29 млрд адам тұрады.
Ал Үндістанда қазіргі уақытта 1,32 млрд адам тұрады. Бұл деген сөз Үндістан Қытайдың алдына шығып тұр. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Зерттеуші Қытайда осыдан бірер жыл бұрын жүргізілген «Бір бала» саясаты елдің демогафиясына әсер еткен.