Атыраулық екі тұрғынға «әмин» деп айтқаны үшін ірі көлемде айыппұл салынды

/uploads/thumbnail/20170710084752942_small.jpg

Атырау облысында екі тұрғынға мешітте дауыстап «әмин» дегені үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Мой город басылымына сілтеме жасап.

Сүре оқылып болғаннан кейін намазға жығылушылар «әмин» деген сөзді ішінен айтуы қажет.

Намазға жиналған жамағаттың ішіндегі екі жігіт дауыстап «әмин» деп айтқан екен.

Салдарынан, екеуі де әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 50 АЕК  - 113 450 теңге айыппұл салынды.

Мешітке келушінің міндеттері жазылған ереженің 3-4 бөліміне сәйкес «әмин» деген сөзді дауыстап айтуға тыйым салынады екен.

Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың ақпан айында Жаңаөзендік төрт тұрғынға мешітте жамағатпен намаз оқып тұрғандарында дауыстап «әмин» деп айтқаны үшін айыппұл салынған болатын. Жазаға тартылуының негізгі себебі – келушілер имамға кедергі жасап, діннің талаптарын бұзған.

Аударған: Назерке Лабихан

Связанные Статьи