Жігіттердің жынысын ауыстырып сәнбике болғанын көз көріп, құлақ естіп жүр. Алайда қыздар жынысын ауыстырып жігітке айналғаны туралы ақпарат аса көп емес. Естімеген елде көп дегендей әлемде қыздар да жігіттер секілді болғысы келеді екен. Музыкант Джейми Уилсонның өмірі әлемді таңқалдырды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.
Музыкант Джейми Уилсон бірнеше жылдар бойы өзі әйел адамның денесімен дүниеге келген еркек секілді сезінген. Бірақ 18 жасқа дейін оған ер адамға ұқсайсың деп ешкім айтпапты.

Ол өзінің жынысын ауыстырғаны туралы әлеуметтік парақшасына жазған екен. Оның айтуынша адамдарды сыртқы келбетіне қарап сынауға болмайды. Осыған дейін өзінің өміріндегі шындық туралы ешкімге айтпаған.

Ол өзі секілді адамдарға қолдау білдіруде. Егер адамға өз дене бітімі мен жынысы өзіне ұнамайтын болса өзгеруге толық құқығы бар екенін айтады.



Ол өзінің өмірінде орын алған оқиғаны барлық оқырмандарына айтып берді. Ол операция кезінде сүт бездерін алдырып тастаған.


Оның барлық туыстары ол ер адамға айналғаннан кейін одан теріс айналған.. Ол өзінің туытары мен отбасын сағынып жүр екен.


«Негізі мен ең күшті немесе сымбатты жігіт емеспін. Бірақ мен өзімнің қалағанымды орындадым»,- дейді Джейми

Дайындаған: Сабина Рамазан