Трамп Брюссельде өткен НАТО штаб-пәтерніне ғиамарат қарау барысында Черногория премьер-министрі Душко Марковечті итеріп жіберген. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі РИА Новостиға сілтеме жасап. Черногорияның RTCG Мемлекеттік арнасы Дональд Трампқа өзінің бұл қылығы үшін кешірім өтінуін сұрады.
Трамптың өзін ұстауы мен Черногория премьеріне көрсеткен құрметсіздігі видеоға түсіп қалған. Видео көпшіліктің наразылығын туғызған. Көпшілік Трапмты кінәлап әдепсіздік танытқандығын алға тарқан.
Ал премьер министрдің өзі орын алған жағдайды көңіліме алған жоқпын дейді. "Бұл ренжуге тұрарлық нәрсе емес. АҚШ президенті алдыңғы қатарда тұруға тиіс болды"-дейді ол.