Миссисипи штатының тұрғыны 35 жастағы афроамерикандық Вилли Кори Годболт өзінің балаларының қамқорлығы мәселесіне көңілі толмағандықтан 8 адамды өлтірген. Қаза тапқандардың ішінде 36 жастағы Линкольн округінің шерифі де бар деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
«Ақылынан адасқан миссисипилік» деген лақапқа ие болған қылмыскер өзінің ауыл аймақта 3 адамды өлтіргенін мойындаған. Госболттың айтуы бойынша ол әйелімен сөзге келген, сонымен бірге әйелінің анасы мен әпкесімен дауласып балаларын алып кетпекші болған. Олар полиция шақыртқан соң осындай әрекетке барған. Ең алдымен келіп жеткен құқық қорғау органдарының адамдарын атып өлтірген. Шетелдік БАҚ-тың жазуынша афроамерикандықтың өткен өмірі де қылмыстан ада емес.
Полицейлер оны ұстап алған кезде ол өзінің қылмыс үшін жаза тартуға дайын екенін айтып айқайлап жіберген, сонымен берге өзін полицейдің оғынан өлуін қалайтындығын айтқан.
Оставить комментарий