Оңтүстік Корея КХДР-ның кезекті зымыранын ұшырғанын мәлімдеді

/uploads/thumbnail/20170710090036941_small.jpg

Солтүстік Корея тағы бір баллистикалық зымыран ұшырған, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі. Бұл жайында Оңтүстік Корея штабтар басшылығының бірлескен комтиеті мәлімдеді.

Ренхап агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік Корея президенті Мун Джэин зымыран ұшырылғанын талқылау үшін ұлттық қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиынын өткізуге шақырғаны хабарланды. Зымыран Солтүстік Кореяның Вонсан қаласынан шығыс бағытқа қарай ұшырылған.

Оңтүстік Корея штабтар басшылығының бірлескен комитеті баллистикалық зымыран ұшырылғанын хабарлады, бірақ осы елдің әскерилері бұл ақпаратты әлі нақтылап жатқанын мәлімдеді. Жапония сынақ жасалғанын айыптап, зымыран жапон территориясына құлаған болуы мүмкін екенін хабарлады.

Соңғы бір жарым жылда АҚШ территориясына жететін және ядролық оқтұмсық алып ұша алатын зымыран жасауға талпынып жатқан Пхеньян екі рет атом қаруын сынап, ондаған баллистикалық зымыран ұшырды.

Оставить комментарий

Связанные Статьи