Жаратқан жұп-жұбымен тәмам затты

/uploads/thumbnail/20170710090433007_small.png

Жаратқан жұп-жұбымен тәмам затты,

Таратқан ер-әйелден адамзатты.

Бір күні ашуланған еркек байғұс,

Таяқпен өз қатынын сабап жатты.

Болса да әйел заты сәл кінәлі,

Көргендер жөн көрмеді дәл мынаны.

Бір ғалым ақыл айтты: "Ей, бауырым,

Таяқпен адамды емес, малды ұрады.

Болса да кейбір сөзі запыран, у?

Қатын сабау - сауаптан қапы қалу.

Әйелді түзейтұғын жақсы соққы

- Үстінен тағы да бір қатын алу".

Жадырап жаны бірден жабырқаған,

Айнымай ақша беті ақ ұлпадан:

Не дейсіз? Сөзіңізді ұқпадым, - деп,

Әлгі еркек жүз танытты таңырқаған.

Құтылу жолын іздеп одан оңай,

Жауапты әйел тапты соған орай:

Сөзін тыңдап қайтесің ақымақтың,

Сабай бер, - деді еріне, - мені аямай.

P.S.

Шығатын бұл қиссадан қорытынды:

Болады жақсылықтың жолы түрлі.

Үйлену шама жетсе төрт әйелге

- Бақыттың төте жолы ең ұтымды.

Ерлердің бір әйелмен көбі жүдеп,

Күнәға селт етпейді өлі жүрек.

Алайда иманы әлсіз әйелдерге,

Жан берген бай бергеннен жеңілірек.

Оставить комментарий

Связанные Статьи