«Бұл күннен ыстық болатын күнге дайын болуы үшін ораза ұстадым» (Ораза айы 3-күн )

/uploads/thumbnail/20170710090424178_small.jpg

Зұлымдығымен танылған Ирак әміршісі Хажжаж ибн Юсуфтің шөлге шығуға көңілі ауып сарайынан шығып кетеді деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі mazhab.kz-ке сілтеме жасай отырып. Нөкерлері шатыр тігіп, Хажжаж төрге жайғасады. Алдына түскі асы келеді. Кенеттен шатырдың тұсынан өтіп бара жатқан бәдәуиге көзі түсіп:

«Уа, Бәдәуи! Кел бері! Дәмнен ауыз ти!» деп айқайлайды.

 Бәдәуи шатырға кіріп:

«Сенен құрметті біреу шақырған еді. Соның шақыруын қабыл алдым. Ас ішпеймін» дейді.

Хажжаж таңданып:

«Ол кім?» деп сұрайды.

 Бәдәуи:

 «Құдіреті кішті Алла Тағала! Маған бүгін ораза ұста деп шақыртты. Мен оның бұйрығын бұлжытпай бүгін ораза ұстадым» деп жауап қатады. 

-Дәл осындай күйіп тұрған ыстықта ма?

-Мен, бұл күннен ыстық болатын күнге дайын болуы үшін ораза ұстадым. 

-Олай болса, бүгін аузыңды ашып жібер! Нәпіл ораза емес пе?! Ертең қазасын өтей саласың. 

-Әмірші, ертең өмір сүретіндігіме кепілдік бере ме екен?

-Жоқ. Бере алмаймын. 

-Олай болса, ертеңгінің ісін бүгін болсын деп неге сұрайсың?

-Біздің асымыз өте дәмді. Тіл үйіреді. 

-Уаллаһи! Асыңды дәмді етіп отырған наубайшың да емес, аспазың да емес. Асыңды дәмді еткен денсаулығың! 

Хажжаж: «Уаллаһи! Бүгінгідей күн басымнан өткен емес. Мынаны шатырдан алып кетіңдер» деп нөкерлеріне бұйырған екен. 

Дайындаған: Әсел Өтешова

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи