Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы «Айша бибі» кеден бекетінде ірі көлемде героин өткізбек болған қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Opel Zafira автокөлігіне 15 келі шамасында ақ ұнтақ тиеген 30 жастағы қырғызстандық тауарды Мәскеуге жеткізбек болған. Тараз-Талас қалаларын жалғайтын автомагистраль бойында орналасқан «Айша бибі» кеден бекетінен күніне 6-7 мың адам өтіп, мыңға жуық автокөлік қатынайды. Былтыр осы кеденде 315 тәртіпбұзушылық тіркеліп, 7 адам ірі көлемдегі есірткімен ұсталған.
Шолушы: Айгерім Таубай