АҚШ-тың Сыртқы істер министрлігі журналистерді электронды бақылауды жүзеге асыруға рұқсат етті. Бұл шешім Ақ үйден құпия ақпараттардың таралып кетуіне байланысты жүргізілген зерттеудің нәтижесінде қабылданған деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі РИА Новости-ға сілтеме жасап.
Зерттеу барысында журналистерге арнайы құпияландырылған ақпаратты Ақ үйдегі лауазымды адамдардың бірі беретіні белгілі болған. Ол зейнетке шығып кеткен әскери қызметті адам болуы мүмкін деген күдік туды.
Дональд Трамп осыған қатысты арнайы ақпараттық таралып кетуіне тосқауыл болатын мәселелермен айналысатын штаб құратынын мәлімдеген болатын.
Шолушы: Назерке МҰСА