Ресейге қарсы санкцияны күшейту ұсынылды

/uploads/thumbnail/20170710093954030_small.jpg

Шектеулер теміржол транспорты мен тау-кен өндірісіне оң әсерін тигізуі мүмкін.

Банк комитеті сенаторлары Ресейге қарсы санкцияны күшейту жоспарын ұсынды, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі. Шетелдік Bloomberg агенттігінің мәліметінше, мұндай шешімнің қабылдануына Украинаның шығысы мен Сирия мәселесі, сондай-ақ АҚШ-тағы 2016  жылғы сайлау науқанына Мәскеудің араласуы әсер етті.

Санкция режимін күшейтуді комитет өкілі Мак Грапо және комитеттің жоғарғы демократы Шеррод Браун ұсынды. Жаңа шектеулер металлургия және теміржол саласын, тау-кен өндрісін пайдаға кенелтуі мүмкін. Заңнама Ресейге қарсы санкцияны «күшейтуге және құрылымдауға» арналған. 

Шолушы: Гүлім Жақан

Связанные Статьи