Терактіден жапа шеккендерге қан тапсыра алмайтынын естіген баланың әрекетін көрген медбикелер жылап жіберді (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710100557059_small.jpg

 Манчестердегі терактіден кейін ауруханаларда адам саны күн санап көбеюде. Сол оқиғадан соң ауруханаға 6 жастағы Джозеф есімді бала келеді. Бірақ ол емделу үшін емес, ем алушыларға көмек беру үшін келген. Ол ауыр жағдайда жатқан адамдар үшін, қан тапсырғысы келетінін айтқан. Алайда ол 6 жаста болғандықтан, дәрігерлер қан тапсыра алмайтындығын жеткізіпті. Сол уақытта бала қатты ренжіп, жылаған көрінеді. Сол уақытта анасы зардап шегушілерге көмектесіп жүрген медбикелер мен дәрігерлерге тәтті шоколад беріп, алғыс айтуға кеңес береді.

Олар бірге дүкенге барып, көптеген шокалад сатып алады. Джозеф ауруханаға келіп медбикелер мен дәрігерлерге алғыс білдіріп, шокалад бергенде медбикелер көздеріне жас алды. Джозеф аурухана қызметкерлерінің барлығына, тіпті күзетшіге де шокалад берген болатын.

Айта кететін болсақ, 23 мамыр күні Манчестер қаласында концерт кезінде жарылыс болды. Жарылыстан 22 адам қаза тауып, 60-тан астамы жарақаттанған болатын. 

Аударған: Әсел Өтешова

Оставить комментарий

Связанные Статьи