World Economic Forum рейтингісінде Қазақстан жолдың жағдайы бойынша 144-ші орынның 108-ші қатарына жайғасты деп, хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі "Казинформ" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Франция, Біріккен Араб Әмірліктері, Португалия, Оман елдерінің жолдары өте жоғары болып бағаланса, жолдары нашар елдер: Молдова, Мозамбик, Украина, Мавритания, Парагвай, Конго Демократиялық Республикасы және Мадагаскар.
Көршілес елдердің тізімі бойынша Ресей –123-ші, Әзірбайжан – 50-ші, Тәжікстан – 70-ші, Грузия – 78-ші, Армения – 81-ші және Қырғызстан – 131-ші орындарға тұрақтады.
Шолушы: Айгерім Таубай
Оставить комментарий