GGG танымал The Ring журналының редакциясында қонақта болды

/uploads/thumbnail/20170710101016313_small.jpg

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин АҚШ-тағы басылымдардың бірі The Ring журналының редакциясында қонақта болды.

Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі Vesti.kz-ке сілтеме жасап  хабарлайды.

Кездесу барысында басылым қызметкерлері қазақстандық боксшы мен қарсыласы Сауль Альварестің суреті жарияланған жаңа санын таныстырды.

 Айта кетейік, The Ring журналы – АҚШ-та 1922 жылдан бері шығып келе жатқан танымал бокс басылымы. Журналдың иесі – Оскар Де Ла Хойяның Golden Boy Promotions компаниясы. Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес арасындағы жекпе-жек 16 қыркүйек күні АҚШ-та өтеді.


Шолушы: Айгерім Таубай
 

Оставить комментарий

Связанные Статьи