BBC телерадиокорпорациясы Алматы облысы туралы бейнеролік түсірген деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. BBC Worldwide коммерциялық ұйымының басшысы Сергей Становкин Facebook әлеуметтік желісінде бейнеролікті жариялаған.
«Былтыр жаз бойы Қазақстанда Алматы облысында бірнеше жобаларды іске асырдық. Бізді өте тамаша сұлу табиғат қоршады және біздің онымен бөліскіміз келді. Бейнероликтің түсірілімі аяқталғанына қуаныштымыз. Енді осы арқылы бүкіл әлемге таулар мен далалы алқаптардағы сұлулыққа тамсана алады»-деп жазады Становин өзінің парақшасында.
Шолушы: Назерке МҰСА
Оставить комментарий