6 жастағы қыз сағызға шашалып, көз жұмды

/uploads/thumbnail/20170710101041079_small.jpeg

Ресейдің Тихвин қаласының дәрігерлері сағызға шашалып қалған 6 жастағы қыздың өмірін құтқара алмады. Бүлдіршін емханаға өлімші халде жеткізілген, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі lenobl.sledcom.ru-ға сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдары аталған іс бойынша толыққанды тергеу жүргізуде.

6 жастағы қыз сағыз шайнай жүріп велосипед тепкен. Жүргіншілер қыздың есін жоғалтақанын көрген сәтте бірден жедел жәрдем шақырған.

Қыздың өмірі үшін дәрігерлер сегіз күн бойы күрескен, бірақ бүлдіршін тілге келместен көз жұмды.
 

Шолушы: Айгерім Таубай

Оставить комментарий

Связанные Статьи