Өлім аузында жатқан қыз ата-анасын жазалауды талап етті

/uploads/thumbnail/20170710101053517_small.jpg

Айдахо штатының 21 жастағы тұрғыны Мэрайя Уолтон жүрек талмасы ауруына шалдыққанын 3 жыл өткен соң бірақ білген. Ауруы бар екенін алғаш білгенде, ата-анасы оған операция жасаудан бас тартады. Ал операция дер кезінде жасалмаса, қыздың өміріне үлкен қауіп төнерін дәрігерлер ескерткен. Енді тым кеш, дәрігерлердің қолынан келетіні – ауруын жеңілдету ғана.

Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, ата-анасынан не себепті бұлай істегенін сұрағанда, олар тек дұға жасауға жүгінгендерін айтты. Қыз бүгінде төсекке таңулы, жүрегі тым әлсіреген, ағзасын қышқылмен қамтамасыз етуге шамасы жетпейді.

«Олар маған дұға жасап: «Құдай сені емдейді, тек сену керек» деп айтты. Оларды жазалайтын уақыт келді деп ойлаймын», - дейді Мэрайя Уолтен ата-анасы жайында.

Мэрайя бауырларымен қосылып ата-анасын жазалау үшін бар шараны қолданып бақты, алайда Айдахо штатының заңына сәйкес, оларды қыздарын емдетпегені үшін жазалау мүмкін емес көрінеді. Қызға тіпті «Баланың өмір сүруге құқығы» ұйымы да қолдау көрсетіп жатыр, алайда әлі күнге дейін нәтижесіз.

Шолушы: Сабина Рамазан

Оставить комментарий

Связанные Статьи