Әйелінің мәйітін 2 күннен соң іссапардан оралған күйеуі тауып алыпты, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Ктк арнасына сілтеме жасап.
Тамағынан орып жіберіп, басынан да жарақаттаған қылмыскер бірден ізін суытқан. Қанды оқиға болған үйге жеткен полицейлер кешікпей оны өлтірген 33 жастағы Көкшетау тұрғынын ұстады. Күдіктіден әйелдің алтын сағаты мен сырғасы, басқа да жеке заттары табылды. Кейбір алтын бұйымдарын ол ломбартқа тапсырып та үлгірген. Қазір ол уатытша тергеу абақтысына жабылды. Балаларға ағылшын тілінен берген марқұмның артында жалғыз ұлы қалды.