Ресейдің мүддесін қорғап бірнеше әскери ұрыстарға қатысқан «E.N.O.T. CORP» әскери жекеменшік компаниясы «Донбасстың еріктілер ұйымынан» шыққанын мәлімдеді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі inforesist.org-ке сілтеме жасап.
«E.N.O.T. CORP» көшбасшыларының бірі Владимир Хомяков РФ президентінің көмекшісі мен «Донбасстың еріктілер ұйымының» ұйымдастырушысы Владислав Сурковты бірнеше мәрте сынаған еді.

2017 жылдың сәуір айында «E.N.O.T. CORP» ресми түрде басшылыққа «Донбасстың еріктілер ұйымынан» шығатынын хабарлаған. Мұны аталмыш компания Ресейде революция толқыны өршитінімен түсіндірген. Мұндай жағдай болған уақытта Владимир Путиннің жақтасы болатынын айтады.
Шолушы: Әсем Әлмұханбет