Аустралияда достық ықылас танытқан ит полицей қызметінен босатылды

/uploads/thumbnail/20170710111336986_small.jpeg

Гавел есімді ит өзгелерге танытқан достық ықыласы үшін полицей қызметінен босатылуына тура келді. Бұл жайында шетелдік  The Daily Telegraph басылымы хабарлайды.

Неміс овчаркасы бірнеше ай бұрын ғана Квинсленд штатына қызметке келген. Алайда жаттығу бағдарламасынан кейін-ақ иттің тым қоғамшыл екені байқалған. Гавел өзге адамдармен ойнағанды жақсы көретін, оларды тіпті қамағысы келмеген.

Полицей қызметінен кеткен соң Гавелді вице-ит патшасы етіп тағайындады. Ол Квинсленд штатына келген қонақтарды қабылдап, губернатор Полем де Джерсимен іс-шараларға қатысатын болады.

Шолушы: Гүлім Жақан

Связанные Статьи