Соңғы 40 жыл бойы қолын көтерген күйінде ұстап жүрген монахтың есімі Амар Бхарти. Қазіргі таңдағы жалғыз әулие атанып, діншіл үнділіктердің символына айналыпты. Ол өзінің табынатын Құдайының құрметіне қолын көтеріп, құлшылық ететін көрінеді.

Осыдан 40 жыл бұрын Амар Бхарти жұбайы мен бала-шағасы бар, қарапайым адам болатын. Сол кезде оның жұмысы, отбасын асырауға жететіндей қалыпты жалақысы да болған.

Алайда бір түні оның дүниеге деген көзқарасы өзгеріп, дүниетанымы да өзгелерге қарағанда ерекшеленді. Сол түні ұйқыдан тұра салысымен отбасына қарамай, өзінің Шив атты құдайына құлшылық ете бастайды.

Қарапайым киім киген монах, Үндістан елін шарлап, қайыршылық күн кешіп жүріп, дұға жасайды екен. Кейін ол толықтай жаңару мақсатында құлшылықтың жаңа түрін ойлап тапқысы келген. Сөйтіп ол оң қолын көтеріп, оны ешқашан түсірмеуге байланысты шешім қабылдайды.

Қазір оның қолы жарамсыз болып қалған. Амар қолын қанша қозғалтқысы келсе де олай жасай алмайды. «Киелі» қолдың тырнақтары осыған дейін алынбаған. Оның ағзасы қолының ауырғанына үйреніп кеткен.
Дайындаған: Әсел Өтешова