Фермер тауықты құтқарамын деп көшеге іш киіммен жүгіріп шықты (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710112441807_small.png

Уэльсттік 15 жастағы жасөспірім тауықты жыртқыштан құтқарды. Эван Девис есімді жігіт емтиханға дайындалып жатқан.  Даладан шу естіген соң терезеге қарай жақындаған. Терезеден тауықты қуалап жүрген түлкіні көріп, бірден үйде жүрген іш киіммен  аулаға жүгіріп шығады. Қауырсындары жұлынған тауықты көрген кезде ойланбастан бейшара үй құсын құтқаруға шешім қабылдаған.

Түлкі аулада жүрген тауықты көргеннен кейін электрлік қоршаудан секіріп құсты азық етпекші болған. Тауық қуу бірнеше минутқа созылған, оны төрт жерден тұрған камера жазып алып үлгерген.

Шолушы: Сабина РАМАЗАН

Связанные Статьи