ЕЛБАСЫ ИСПАНИЯ КОРОЛІ ФИЛИПП VI-ТІ ҚАБЫЛДАДЫ

/uploads/thumbnail/20170710112419013_small.JPG

Қазақстан президенті Испан монархын Ақордада қабылдады деп хабарлайды Qamshy.kz тілшісі.

«Испания Қазақстан Тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан бастап біздің елімізге өте жақын болды. Экономикалық, мәдени ынтымақтастық - біз Испания сияқты үлкен мемлекетпен, оның ұлы мәдениетімен және екі ел арасындағы жақсы қарым-қатынаспен мақтанамыз. Осындай ынтымақтастықты сіздің әкеңіз - Хуан Карлоспен бастаған болатынбыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Испания Королі VI Филипп өз кезегінде Назарбаева алғыс білдіріп, Астанаға алғаш рет келіп отырғанын айтып өтті. «Мен осымен бірнеше жылға созылып келе жатқан серіктестіктің бір бөлігі болғаныма мақтанамын. Сапарымның аясында Астанадағы осындай бірегей EXPO-2017 көрмесінің ашылу салтанатына қатысуым мен үшін үлкен құрмет. Сіздерді осы іс-шарамен құттықтаймын», - деді Испания Королі.

Қазақстан Президенті Испанияға сегіз рет барған. Назарбаев соңғы рет Испанияға 2013 жылдың ақпан айында барған. 

Испания королі Филипп VI Астанаға 9 маусым күні келді.

Айта кетсек, өткен жылы сәуір айында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Испания королі Филипп VI-ті Қазақстанға сапармен келуге, EXPO көрмесіне қатысуға шақырған еді. Көрмеде Испанияның «Энергия ғаламшар үшін» павильоны жұмыс істейді.

Айта кетейік, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің салтанатты ашылу рәсіміне 17 мемлекет және үкімет басшысымен бірге мәртебелі мейман испандық монарх та қатысты.

Испания королі Филипп VI-тің билікке келгеніне 19 маусымда дәл үш жыл толады. Испания мен Қазақстан арасында дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылы орнады. Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынасқа 25 жыл толды. Испания – Қазақстанның Еуропадағы негізгі саяси әріптестерінің бірі және Қазақстанмен Стратегиялық әріптестік туралы шартқа (2009 ж.) қол қойған екінші еуропалық ел. 2016 жылы тауар айналымының көлемі 1,35 млрд. долларды құрады.

Испания Қазақстанның БҰҰ-ның тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын қолдаған елдердің бірі.

 

Связанные Статьи