ОСЫДАН ДӘЛ 19 ЖЫЛ БҰРЫН АСТАНАНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710112406918_small.jpg

1998 жылы 10 маусымда Қазақстан астанасы Астана қаласының халықаралық тұсау кесері өткен болатын.  

1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы кеңес астананы Алматыдан Ақмолаға ауыстыруға шешім қабылдаған. Астана ресми түрде 1997 жылы 10 желтоқсанда Ақмолаға ауыстырылды.


1998 жыл ел астанасы атауының өзгеруімен есте қалды. 6 мамырда Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола қаласының атын Астана деп өзгерту туралы жарлыққа қол қойды. 20 мамырда Астана қаласының статусы бекітілді. Сөйтіп, 10 маусымда Қазақстанның жаңа астанасының халықаралық тұсау кесері өтті.  

Бір жылдан кейін Астана өзінің жылдық мерекесін тойлады. 1999 жылы 16 шілдеде ЮНЕСКО бас хатшысы Федерико Майор Боливия астанасы Ла-Паседе Астананы «Бейбітшілік қаласы» конкурсының жеңімпазы деп жариялап, медаль и сертификат тапсырды. Бұл атақ әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым қуатты өсуге, тұрақты ұлтаралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған, әлем мәдениетіне үлес қосқан жас қалаларға беріледі. Содан бастап Астана «бейбітшілік қаласы» аталып келеді.

10 маусым Астана күні ретінде 2005 жылға дейін аталып келді. Ал, 2006 жылдан бастап Астана күні ретінде астананы ауыстыру туралы шешім қабылданған 6 шілде заңмен бекітілді.  

Связанные Статьи