Ер адам әр үйден табылатын қарапайым заттың кесірінен 2 жастағы қызынан айырылып қалған

/uploads/thumbnail/20170710114144811_small.jpg

Кез-келген үйінде кішкентай баласы бар адам  майда заттар мен ойыншықтардың балаға  қаншалықты қауіпті екенін түсінетіні анық.  Алайда баланың осындай заттарды аузына салмауын қадағалау аздық етеді. Джордж Асан есімді ер адамның қызы майда сағат батарейкасын жұтып қойған. Әу баста ешқандай белгілер білінбеген.  

Франческа есімді Асанның  2 жасар қызы қарапайым батарейканы жұтып қойған. Алайда ол қақалмаған, тыныс ала алмай қиналмаған. Қыздың ішіне барған металл тоттанған, нәтижесінде ішкі ағзалар зақымдалып  қан кеткен.

«Қызымды жоғалтып алуым маған қатты ауырға соғуда. Мен өзімнің кінәмді сезінудемін. Біз ешқандай күдікті нәрсе байқамадық. Ол батарейкалар салынған қорапшаны тауып алған да оны аузына салған»-дейді марқұм қыздың әкесі.

Жалпы, күнделікті өмірде біз сағатқа, плеерге, ойыншықтарға, теледидар пультіне салынатын батарейкаларды жиі қолданамыз.  2014 жылдың өзінде АҚШ-та осындай майда заттарды жұтуға байланысты  3400 жағдай орын алған.

Бала батарейканы жұтып қойса оны  тез арада рентгенге түсірту керек. Себебі батарейка тамаққа немесе асқазанға тұрып қалып тамақпен реакция түседі, нәтижесінде каустикалық сода пайда болады. Ол іштегі қансырауды тудырады. Осының барлығы бар жоғы 2 сағаттың ішінде жүзеге асады. Сондықтан мұндай төтенше жағдайға ұшыраған ата-ананың уақыты өте аз. 

 

Шолушы: Назерке МҰСА

Связанные Статьи