АҚШ-тың 10 жастағы тұрғыны Эбби Фарко дені сау болып өмір сүрудің не екенін біраз уақытқа дейін сезіне алмады. Ол 4 жасында лейкемия атты ауруға шалдықты. Сол кезден бері көптеген аурулармен күресіп келеді.

Сол кездің өзінде-ақ дәрігерлер баланың тірі қалу мүмкіндігі бар болғаны 20% деп ата-анасын шошытқан болатын. Эббиге бірнеше операция жасалды. 6 жасында ауруынан айығып, дені сау балалардың қатарына қосылған болатын. Ол өзге балалар секілді мектепке бара бастады, тіпті футболмен де айналысты. Алайда оның ауруы одан да қиын жолмен қайта айналып келді. Ол қатерлі ісік ауруына шалдықты. Оның ауруы тіпті ауыр болған еді.

«Эбби қозғала алмады, қозғалған кезде ол қатты қиналды»,- деді Эббидің анасы Пэтти.
2 жылдан кейін оның миына тағы да операция жасалды. Осы кезде оған шұғыл түрде донор олатын ағза қажет болды. Біраз күннен кейін Эббидің бүйрегі істен шықты. Дәрігерлер өзге терапиялық бөлімге жатқызып, ата-анасына 48 сағаттан кейін баланың ауруға шыдамай, қайтыс болатынын айтқан.

Барлық отбасы Эббидің бөлмесіне жиналып, онымен қоштаса бастайды. Осы сәтте ғажайып оқиға орын алады. Эбби көзін ашып, «Мен бұл өмірде біраз дүниені іске асыруым керек», - деп айтады. Осы сөзінен кейін Эбби ауруынан айыға бастайды. Дәрігерлер таңғажайып құбылысты ғылыммен түсіндіре алмады. Осы сәттен бастап Эбби жүріп, тіпті жүгіре алатын күйге жетті. Қазір ол күніне 2 рет дәрі қабылдайды. Оның ауруы қайтадан асқынып келу қаупі де жоқ емес, алайда барлық отбасы Эббидің әрбір секундын қуанышқа толтыруға тырысады.

Аударған: Әсел Өтешова