ЭКСПО павильонындағы мейрамханалардың мәзірін көрген халық ашуға булықты (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710120049376_small.jpg

Әлеуметтік желіде «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің аумағында ораналасқан мейрамханалардың біріндегі тамақ мәзірінің бағасы жазылған суреттер пайда болды, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

Суреттерге назар аударсақ, бағалардың удай қымбат екенін байқауға болады. Мәселен, бір стақан компоттың бағасы Тайқазан мейрамханасында 1200 теңге тұрады. Салқындатылған сусындардың да бағасы мәз емес, жарты литр сыраның бағасымен бірдей.

«Иә, түсінемін, халықаралық көрме. Бірақ өзіміздің қазақстандықтарды да ойлауға болады ғой. Осыншалықты пайдақорлықтың қажеті қанша?», деп жазыпты суреттерді таратқан автор күйіне отырып.

Сондай-ақ, тамақтар мәзіріне де көңіл аударуға болады. Тізімде күнделікті азық саналатын сорпа, лағман, мәнті, қуырдақ, палау сынды тағамдардан басқа ештеңе жоқ. Өзіміздің ұлттық тағамдарымыз: қымыз, шұбат, бешбармақтарды мәзірге қосуға болатын еді. Оның үстіне қонақтарды өзіне шақыратын ерекше тағамдарды да көрмедік.

Шолушы: Гүлім Жақан

Оставить комментарий

Связанные Статьи