Моника Райли бұрындары ең толық, әрі қозғалыссыз болу үшін күніне 8000 калория тұтынатын.
Әлемдегі ең толық әйел атануға тырысып жүрген америкалық Моника Райли баласы үшін көп жылғы арманынан бас тартты. Бұл жөнінде Daily Mail жазады.
300 келілік әйел бұған дейін екі мәрте баласын түсіріп алған, бұл жолы да аяғы ауыр. Ендігі сәбиін сақтап қалу үшін әйел арықтауға бел буған. Өзінің сәбилі болатынын білгенде 10 аптаның ішінде 90 келі тастаған.
«Бір кездері әлемдегі ең семіз әйел атанғым келетін. Төсекке таңылған, қозғала алмайтын, үздіксіз тамақтанатын адам болғым келді. Бірақ аяғым ауыр екенін білгенде, мұны бір белгі деп ұқтым», дейді Райли. Бүгінгі таңда әйелдің салмағы 226 келіге дейін түскен.
Райлидің айтуынша, баласымен белсенді өмір сүргісі келеді, ал төсекке таңылған адам үшін ол мүмкін емес. Баласының қалай өсіп жатқанын да көрмейді.
Кей БАҚ-тардың мәліметінше, осы уақытқа дейін Моника Райлидің ең семіз әйел атануына оның 25 жастағы ғашығы көмектеске екен. Ер адам әйелдің тезірек семіргенін қалап, күнде тамақ әкеліп тұрған көрінеді.
Шолшуы: Сабина Рамазан
Оставить комментарий