Екі қабат деп ойлаған әйелдің іші шын мәнісінде неге толғанын білген халық есінен тана жаздады

/uploads/thumbnail/20170710120646241_small.jpg

35 жастағы Джо есімді әйел Британиның тумасы. Оны көрген халық жүкті деп ойлайтыны анық. Қоғамдық көліктерде оған орын беріп, қашан баласын дүниеге әкелетінін сұрайды екен. Алайда Джо екі қабат емес еді.

Шын мәнісінде оның үлкен іші алкоголді ішімдікке әуестіктен пайда болған.

Бірнеше жыл барда жұмыс істеп Джо күнде ішімдік ішуге әдеттеніп алады. Бес жылдың ішінде жағдайдың ушыққаны соншалық, әйел күніне үш бөтелке шарап ішетін жағдайға жеткен. Мұндай көлемде ішімдік ішу әйелдің бауырына зақым келтірмей қоймады. Оның жеген, ішкені ішіне жайыла бастады.  

Бауыр циррозы ауруында сау теріні тыртықұлпасы басады. Джоның ағзадағы тәуелділігінң салдарынан сұйықтық тұрып қалатын болған. Әр үш аптада бір рет әйел ауруханаға барып ішіндегі сұйықтықты шығарып отырған. Ине мен катетер қойылатын бұл процедура қатты ауыртатын.

Джоның бақытына орай, ол өз тәуелділігін жеңе алды. Алайда бауырының саулығын ешқашан қайтара алмайды. Ішіне жиналған сұйықтықтан әйелдің жүріп-тұруы қиындаған. Осындай сәтте оған анасы қол ұшын берген.

Джоның оқиғасы ішімдікті шамадан тыс ішудің салдары ауыр болатынын тағы бір дәлелдеді.

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

Оставить комментарий

Связанные Статьи