Сәбиін өз махаббатымен қоректендіргісі келген ана жүктіліктің 9 айында 5 рет қана тамақтанған

/uploads/thumbnail/20170710124750134_small.jpg

Адамдар көбінесе арықтау мақсатында тамақтанудан бас тартатын еді. Кейбірі ауруы асқынған кезде арнайы диета ұстап, емделуге тырысады. Алайда тамаққа тәуелді болғысы келмейтін отбасы да бар екен.

Калифорния мен Эквадордың аралығын мекен еткен отбасы өздерін тамаққа тәуелді емес екенін айтқан. 34 жастағы Акахи Рикарда мен 34 жастағы Камила Кастеллоның айтуы бойынша, олар күннің энергиясымен тамақтанады екен. Олар аптасына 3 рет қана тамақтанады. Сирек тамақтану олардың өмірдегі басты қағидасы.

Камила 2 баланың анасы, тіпті аяғы ауыр кезде де аталған қағидадан бас тартпаған. Ол тұңғышына аяғы ауыр болған кезде 9 айдың ішінде 5 рет қана тамақтанған. Оның  айтуы бойынша, сол кезде оның баласы өзінің махаббатымен қоректенген екен. Онымен бірге ол дұрыс дем алу жаттығуларын істеу арқылы баласын аман-сау дүниеге әкелген.

Камила осыдан біраз жыл бұрын күйеуі екеуінің мүлдем тамақ жемеген күндерін еске алып, сол уақытта өте бақытты болғанын айтады.

«3 жылдай уақыт Акахи екеуміз ештеңе жемедік. Ал қазіргі кезде сирек тамақтанамыз. Кейде мен жеміс-жидек жегім келеді. Сол уақытта отбасымызбен бірге жеміс-жидек немесе басқа да жеңіл тағам түрімен тамақтанамыз. Айтпақшы, жүктілік кезіндегі тексеріс нәтижелері өте керемет болды, мен дені сау балаларды дүниеге әкелдім»,- деп қуанышымен бөлісті.

Олар алғашында тек көкөніспен ғана тамақтанса, қазіргі кезде тамақты шикілей жейді екен. Жас жұбайлардың айтуына қарағанда, олар аштық сезімнің не екенін білмейтін көрінеді. Олардың тәжірибесіне сүйенетін болсақ, тамақты қаншалықты көп жесең, соншалықты жиі қарның ашады, және керісінше.  Қазіргі кезде бұл отбасы тамаққа аса көп қаражат жұмсамайды. Оның орнына олар жиі саяхаттайды, білім алады. 

Аударған: Әсел Өтешова

Связанные Статьи