19-20 маусым WSEC-2017 инженерлер мен ғалымдардың Дүниежүзілік Конгресі өткізіледі

/uploads/thumbnail/20170710124900320_small.jpeg

 «ЭКСПО-2017» іскерлік бағдарламасының аясында 19-20 маусым WSEC-2017 инженерлер мен ғалымдардың Дүниежүзілік Конгресі өткізіледі. Конгреске әлемнің 51 елінен 1000-нан астам қатысушылар, оның ішінде 300 шетелдік ғалымдар мен инженерлер WSEC-2017 жұмысына қатысады.

Олардың ішінде Нобель сыйлығының төрт лауреаты, "Жаһандық энергия" Халықаралық сыйлығының сегіз лауреаты, танымал қазақстандық және шетелдік ғалымдар, экологтар, сарапшылар, БАӘ қоршаған ортаны қорғау министрі, Сан-Паулу штатының энергетика және тау-кен өндіру өнеркәсіп министрі, Бразилия Федеративтік Республикасы, жетекші ғалымдар мен белгілі сарапшылар, әлемнің ірі энергетикалық компаниялардың басшылары бар.

Солардың бірі Куба мемлекеттік кеңесінің ғылым бойынша кеңесшісі, Куба ғылым академиясының вице-президенті Фидель Кастро Диас-Баларт қазірдің өзінен Конгресс жұмысына үлкен сенім артады.

«WSEC жоғары технологиялық энергетикалық саладаең үздік жетістіктер мен заманауи трендтерді талқылау, пікір алмасу алаңы болары сөзсіз. Дүниетаным көкжиегін арттырып, ғалымдар мен инженерлердің еңбегін еселеу бағытында өткізіліп отырған Конгрессте өз ойымды білдіруім мен үшін үлкен мәртебе болып табылады», - дейді Фидель Кастро Диас-Баларт.

 Конгресстің ұйымдастырушылар комитеті, секция модераторы, профессор, физико-математика ғылымдарының докторы, «ҚР ядерлық ұлттық орталығының» директоры Батырбеков Эрлан Гадлетұлының пікірінше атом, әсіресе термоядерлық энергетика әлемдік экономика декарбонизациясы мәселесінің шешілуіне айтарлықтай үлес қосады. Мұндай даму, әдетте, заманауи технологияларды ендіру есебінен жүзеге асырылуы тиіс. Ең бастысы, адамзат пен қоршаған орта үшін мейлінше қауіпсіз және электрқуатын қндіруде өндіріс құнының бәсекеге қабілетті болуы.    

«Қазақстан мұнай өндірісі бойынша жоғарғы деңгейі әлі алда тұрған бірен-саран мемлекет қатарында», - дейді Ұзақбай Сүлеймнұлы Қарабалин. Бұл саладағы Қазақстан даму қарқыны ұзақмерзімді әлемдік трендтерге негізделген. Жалпы энегетика мен бірқатар маңызды тенденцияларды атар едім. Бірі – Көмірсутекке деген сұраныс еселей түседі. Екіншісі – дәстүрлі энерготасымалдағыштар өздерінің жоғарғы бәсекеге қабілеттілігін сақтала қала бермек», - Ұзақбай Қарабаллин.

WSEC-2017 инженерлер мен ғалымдардың Дүниежүзілік Конгресі Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ Орталық Азия бойынша алғашқы рет өтетінін еске саламыз.

Тақырыбы: «Болашақтың энергиясы: инновациялық сценарийлер және оларды жүзеге асыру әдістері». Оны 20-дан астам беделді халықаралық энергетикалық ұйымдар қолдады.  

Связанные Статьи