44 жастағы Кристен Уильямс біраз жылдар бойы бала асырап алғысы келіп жүрген. Ол АҚШ елінің Огайо штатында тұрады. Мұғалім болып қызмет ететін әйелге ана болу бақыты бұйырмапты. Ол бала асырап алғысы келіп шетелді аралаған. Бір кезде ол Үндістан еліне барады. Сол жерде Мунни атты қызды кездестіреді. Кішкентай қыз өмірдің бар азабын тартқанға ұқсайды. Оны анасы қоқыс секілді далаға тастап кеткен. Кристен Муннимен алғаш кездескен күнді ешқашан ұмытпайды. Сол күні Муннидің бетінде көптеген тыртық болған. Мунни 5 жаста болса да өмірде көп қиындық көргендіктен өте ашушаң, қырсық болды. Алғаш кездескен сәтте оның маңдайында үлкен тыртық болыпты. Мунни өзгелерге ұсқынсыз қыз секілді көрінгенімен, Кристен оның көзіндегі мұң мен өзгелерге ұқсамайтын ерекшелікті байқады.

Кристен 2 жылдың ішінде құжаттардың барлығын реттестіріп, Мунниді өзімен бірге алып кетті. Бірақ уақыттан кейін олар бір-біріне үйренісіп, бір-бірін жақын тарта бастады Бір кезде Үндістаннан тастанды балалар үйінің қызметкерлері хабарласады. Олар Муннидің сіңілісі ретінде тағы бір қызды асырап алуын өтінеді. Мунни өз болашақ сіңлісінің суретін көрген кезде қатты қуаныпты. Сол кезде Кристен еріксіз жылап, күтпеген жерден шешім қабылдайды. Кристеннің 2-рет асырап алған қызының есімі Дурги.

Дургидің анасы өз қызын сәби кезінде қоқысқа тастаған. Сол кезде оның мұрнын жыртқыш жануарлар жеп кетіпті. Сол кезден кейін ол тастанды балалар үйінде болған. Оған операция жасап, көмек көрсетуді ешкім ойламағанға ұқсайды. Кейін Мунниді асырап алған Кристен туралы естігін балалар үйінің қызметкері оған өтініш жасағысы келген.

«Осындай сұмдық оқиғалар Үндістан елі үшін қалыпты жағдайға айналған», - дейді Кристен. Біраз уақыттан кейін Дургиге пластикалық операция жасап, мұрнын қалпына келтіреді. Қазір Кристен бақытты екенін айтады. Ол Дурги мен Мунниді өзінің туған қызындай көреді. Қыздар да өз анасынан көрмеген махаббатты бөтен әйел арқылы сезінгені үшін қуанышты.

Аударған. Әсел Өтешова