Бейбіт Шүменов WBA белбеуінен айырылды

/uploads/thumbnail/20170710125354015_small.jpg

Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы (WBA) қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовті тұрақты чемпион белбеуінен айырды.

Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі Vesti.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ұйымның жаңарған рейтингінде бұл титул кубалық Юниер Дортикостың еншісінде екенін көруге болады.

Еске салайық, Шүменов пен Дортикос сәуірде жекпе-жекке шығуы тиіс еді. Алайда қазақстандық жаттығу кезінде көзін жарақаттап алып, осы себепті кездесу кейінге қалған.

Шолушы: Айгерім Таубай

Связанные Статьи