Жолаушылар жаңа шабуыл жасалмақ болғанын айтып, қанша әбігерге түскенімен, полицей қызметкерлері мұны жай қалжыңға балады.
Брюссель полицейі әуежайдағы ерлер дәретханасынан күдік тудыратын жазбаны байқады. Бельгиялық VTM арнасының хабарлауынша, жазба мазмұны мынадай болған: «Аллах әкбар, 21:30-да бомба жарылады».
Брюссель полицейі жазбаның мәтінін растамағанымен, Алланың есімі аталғаны анық дейді. Әуежай түгелдей тексерілгіен, алайда жазудан өзге күдік тудыратын ештеңе табылмаған. Аталмыш жазбаны біреудің орынсыз қалжыңы болуы мүмкін деп отыр полицей қызметкерлері.
Шолушы: Гүлім Жақан