Коста-Рика президенті Луис Гильермо Солис Ривера сұхбат беріп жатқанда байқаусызда ара жеп қойды. Бұл сәт Facebook әлеуметтік желісінде таралды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
Президент жаңа зауыттың ашылуына байланысты елдің оңтүстігіне жұмыс сапарымен барған. Ол журналистерге сұхбат беріп жатқанда ұшып жүрген ара оның аузына кіріп кеткен. Луис Гильермо Солис Ривера сөйлеп жатып, оны шайнап, жұтып қойды.
«Мен жеп қойдым. Мен араны жеп қойдым» деді президент. Луис Гильермо Солис Ривера журналистерге қалжыңдап видеоны CNN телеарнасына жіберуді ұсынды.
Елбасы сөзін су ішкеннен кейін қайта жалғады.
Шолушы: Әсем Әлмұханбет