Демалыстан келген ата-ана бір аптадан кейін мүлдем ойламаған себептен ұлдарынан айырылып қалған

/uploads/thumbnail/20170710125436524_small.png

Демалысқа теңізге барған отбасы қайғылы жағдайға ұшыраған. 4 жастағы ұлдары  Фрэнки теңізде жүзіп жүрген. Сол уақытта оны толқын  басып кетіп ол өзін нашар сезініп, біртүрлі күй кешкен. Асқазаны ауырған сияқтанған. Одан кейін арада бір апта уақыт өткенде мүлдем тыныс ала алмай қалған. Жедел жәрдем шақырған әкесіне дәрігерлер тым кеш екенін айтқан. Дәрігерлер баланың суға тұншығып қалғанын жетізген.

Жалпы суға батып тұншығып қалған адам көгеріп немесе бозарып кетеді. Суға батып тұншығудың екі түрі де аса қауіпті. Фрэнки бозарған тұншығудан  көз жұмған. Суға тұншығудың бозарған түрінде су мұрын мен ауызға кіреді. Адамның дауыс желбезегі тартылып түйіліп қалады да су сыртқа шықпай қалады. Осыдан адам тұншығады.  Су өкпеге кірмейді. Ауыз бен мұрын арқылы кіріп бұлшықеттер тартылып қалады. Ал суға батып тұншығудың қалыпты жағдайында адамның өкпесіне су кіреді де өкпе қабынады. Ал бозарып тұншыққан адам боп-боз болып кетеді және оның жағдайы уақыт өте келе нашарлайды.

Суға тұншығып қалған адамның белгілері мынадай болады:

-Көздері жұмулы немесе бір нүктеге қадалып қалған;

-Басы артқа шалқайған;

-Аузы су деңгейінен жоғары немесе төмен

Суға тұншыққан кезде адамның тынысы тарылады, тез-тез тыныс ала бастайды.

Қайғылы жағдайға ұшыраған Фрэнкидің әкесі: «Менің басымнан өткен жағдай туралы басқалардың да білгенін қалаймын. Өзгелер мұндай қателік жібермеуі тиіс. Балам менің досым, жаным еді. Бұлай болатынын білген жоқпын. Бастапқыда барлығы дұрыс сияқты еді»-дейді ол. Ол өзге адамдарға балаларына дұрыстап бас-көз болуға, суға батып тұншығуды  болдырмас үшін балаларына көңіл бөлуге шақырды.

 

Шолушы: Сабина Рамазан

Связанные Статьи