Аттанып сапарына жеңілдіктің,
Асылып иманына жеңіл жүктің.
Аллаға тəуекел деп шыққан жолда,
Шынайы берекелі сенімді ұқтым.
Алты қарыс алда еді көкіректік,
Барлығын жинап алып кепіл еттік.
Қиналғанда көріп қап сабырлықтың,
Кемесіне мінгесіп есіп өттік.
Ізгілікке үздігіп сағым артты,
Құлының тілін Алла қабыл апты.
Дəмінде білмеуші едік шөл қысқанда,
Бір ұрттам қара судың қадірі артты.
Жанымды жалмаған ед(і) жалған басқұр,
Қалайша бұл ризыққа таңданбас құл,
Мекендеген көзбенен ауызға кеп,
Тыйылды нəпсі деген арлан қасқыр.
Күдіктің болған еді мысы басым,
Арылып қауөсеттен сытыласың.
Аллаға мың бір шүкір шырғалаңда,
Тежедік ой мен сөздің сыпырасын.
Бітті-ау деп бір ай шіркін, құтырасың,
Бір айда адал болған бүкіл асым.
Құтырмайық немесе бəлекеттің,
Арбауына қайтадан тұтыласың.
Талпынайық тауфиқты сұрамаққа,
Берген Алла өмірді сынамаққа.
Желдей ұйтқып жеңілдік өтіп барад(ы),
Қалдығой жамағатым бір-ақ апта.
Авторы: Аян Темірбекұлы