Тәжікстанда соңғы айда сауда мәселесіне байланысты түрлі деректер тарала бастады. Анығырақ айтсақ – жас қыздарды шетелдерге құлдыққа, сексуалдық құлдыққа сату. Бұл жөнінде Sputnik Тәжікстан хабарлайлы.
18 мамыр күні құқық қорғау органдары қыздарды құлдыққа сатып жүрген қылмыскерді ұстаған. Ол 27 жастағы қызға Түркияда табысы мол жұмыс барын айтып, алдап-сулап Стамбулдың жезөкшелер үйінен бір-ақ шығарған.
6 маусым күні Душанбе тұрғыны Ниссо Мирзоеваны «Құлдық еңбекке пайдалану» ҚК 130 бабы бойынша 8 жылға бас бостандығынан айырған. Тергеу жұмыстары анықтағандай, Мирзоева бірнеше қызды алдып, Дубай, Түркия сынды мемлекеттерге аттандырған. Ол жерлерде әлгі қыздардың төлқұжаттарын тартып алып, түнгі клубтардағы дөкейлерге қызмет көрсету үшін жұмысқа салып қойған.
2013 жылы Тәжікстан «құлдық сауда» заңнамасын енгізіп, оған қатысы арларға 5 жылдан 12 жылға дейін түрмеге отырғызу көзделген.
Солай бола тұра, 2015 жылы республика төңірегінде із-түссіз жоғалған қыздарға байланысты 14 қылмыстық іс қозғалды.
Ал Қырғызстандағы жағдай тіптен мәз емес. 2016 жылдың өзінде Қырғызстанда құлдық сауда үшін 175 адам шығарылған. Тең жартысы – жас қыздар.
Көбіне қыздар мен әйелдерді саудаға салатын олардың отандастары. Жанашыры болып көрінген қылмыскерлер олардың төлқұжаттарын тартып алып, қарсыласқан жағдайда соққының астына алатынын айтып, өз дегендеріне көндіреді. Сөйтіп қыздар мен әйелерді түнгі клцбтарға, ал еркектерді құрылыс алаңдарына немесе фермерлік шаруашылыққа жалға береді.
Құрбандарын алдаудың жолы да оңай: қызға алғашында жұмыстың ең оңай әрі табысы мол түрлері ұсынылады. Мәселен сұлулық салоны немесе айына 1000 доллар табуға болатын Дубай мейрамханалары секілді жұмыс түрлерін естігенде қыз бала ертегі әлеміне еніп кеткендей сезінеді-ау өздерін.
Ал еркектерге жататын орны, үш мезгіл тамағы тегін құрылыс алаңдарын ұсынып, әлбетте айлығының жоғарылығын айтып алдап жатады.
Елге келе сала сенгіш қызметкерлерден қандай да бір құжаттарды рәсімдеуді сылтауратып төлқұжаттарын сұрап алып, қайтармастай болады.
Ал аяқ асты тексеріс жүріп қалған уақытта әлгі қызметкрелерді жай ғана елдеріне қайтарып жібереді.
«Құрбандардың басты қателігі – таныстарына, тіпті таныс емес адамдарына қатты сенгіщтігі. Баратын жерінің құжаттарын алдын-ала тексермейді, жұмыс істейтін орталықтарын анықтамайды, ақпаратсыз аттана береді», дейді адам саудасына қарсы күрес жөніндегі ЕҚЫҰ-ның арнайы өкілі Альберто Андреани.
Қазақстандағы адам саудасы да "таусылмайтын әңгімеге" айналды. Қаншама үрімдей қыздарымыз шетелдік азаматтардың құрбаны болды, бұл жайында мәліметті жуық арада сайт бетінен көре аласыздар.
Шолушы: Гүлім Жақан