Араб Әмірліктерінде ауа температурасы +50 градустан асып түсті

/uploads/thumbnail/20170710125809671_small.jpg

Біріккен Араб Әмірліктерінің Мезайраа қаласында ең жоғарғы температура тіркелді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап. Ол Абу-Даби эмиратының орталығында орналасқан. Онда температура  +50,5 градусты құраған.

БАӘ-де ауа температурасы +51 градус Цельсиді құраған. Бұл туралы жергілікті ауа-райы қызметі хабарлаған.

Соңғы уақыттары күннің күрт ысып кетуі бүкіл әлемде орын алып жатқанын атап өту керек. Мамырдың соңында Францияда аптап ыстықтан адамдар 300 өрт гидранттары көліктерін салқындау үшін сындырып тастаған. Жапонияда да 1000-нан аса адам қатты ыстықтан ауруханаға түсіп жатыр.

Еске салсақ, әлемдегі ең жоғарғы температура былтырғы жылы Кувейтта тіркелген. Онда сынап бағанасы +54 градусты көрсеткен.

Шолушы: Назерке МҰСА

Связанные Статьи