SCF (Стокгольм бостандық орталығы) басып шығарған «Түркияда әйелдерді қамау: қудалау және қорқыту» атты баяндамасында, Түркиядағы мыңдаған әйелдер балаларымен мемлекет тарапынан зор-лық көрсетіліп, түрмеге жабылып жатқанын хабарлады. «Түрік елінің жаңа туған нәрестені анасынан айырып, не жүкті әйелдерді түрмеге қамауы түрік қоғамында үрей туғызуда», — дейді SCF.
SCF-тың айтуынша, жүкті әйелдердің босанғаннан кейін балаларынан бөліп, өзіне келуге мұрша бермей қамауға алынуы бірнеше рет орын алған. Өкіметке қарсы пікірдегі азаматтарды жазалау үшін жасалған заң жүйесін жеке басының пайдасына қолданып, абақтыдағы күйеулерінің жағдайымен танысуға келген әйелдерді, қолындағы сәбилерінің көз жасына қарамастан, әкелері аздай, аналарын да түрмеге қамап тастады. Бір жолы полиция тарапынан зорлық көрген әйелді есінен танып қалғанына қарамастан қайта түрмеге лақтырған. Басқа бір әйел журналист күйеуінің бостандықта жүргені үшін қамалған. Көптеген жағдайда әйелдер күйеулері Түркияның президенті Режеп Тайп Ердоғанға қарсы оппозицияға қолдау көрсеткені үшін түрмеге қамалумен қоса, мал-мүлкі тартып алынды. Әйелдердің қудалануы, Ердоған мен мемлекет қаһарынан ешкімнің қауіпсіздікте емес екенін көрсетеді. Бұлар мемлекеттік заңға және Түркия мүшесі болған халық-аралық ұйымдардың ережелеріне қарама-қайшы», — дейді SCF президенті Абдуллах Бозкурт.
Сот қызметкерлерінен журналисіне, мұғалімінен дәрігеріне дейінгі қамауға алулар Гүлен қозғалысының тараптарына қарсы мемлекеттік қуғын бағдарламасында ерекше орын алды. Айтылған әйелдердің ешқайсысы бұрын-соңды айыпталып көрмеген, қазір мемлекет оларды «террорист» және «төңкеріске қатысы бар» деп қамауда ұстап отыр. Олар әлі сотталмады, тіпті айып та тағылған жоқ, бірақ сотқа дейінгі қамауда жатыр. SCF тіркеген көптеген жайттарда әйелдердің физикалық және психологиялық денсаулығы қамауға алынғаннан кейін, тамақ, гигиеналық жабдықтардың жоқтығынан, психологиялық айықтыру қызметтері көрсетілмегендіктен күрт нашарлаған. Әйелдердің себепсіз тұтқындалуы тек оларға ғана емес, балалары мен отбасыларына да кері әсерін тигізді. SCF баяндамасында көрсетілген-дердің оларға мәлім болғандары ғана екендігін, көп жағдайда адамдар қуғынға ұшырау үрейінен көргендерін көпшілікке білдірмейтіндігін айтты. Бізге жеткен оқиғалардың аздығына қарамастан, Түркиядағы жан түршік-тірер жағдайларды болжау үшін жеткілікті», — дейді SCF. «Әйелдерге қарсы қудалауды бастаған Ердоған мен мемлекет қызметкерлері, Түркия балалары мен аналарына жойқын әсерін тигізгені үшін жауапқа тартылуы қажет», — деп қосты SCF.
SCF-тың толық баяндамасын осы жерден қарай аласыздар:
Сонымен қатар, бір жылдың ішінде Түркияда адам құқығын аяққа таптаған бірнеше оқиға орын алды. Әлемде ең интелектуал түрме Түркияда. Өткен жылдың 16 шілдесінде жүзеге аспаған «әскери төңкерістен» кейін 100 мыңнан астам адам жұмыстан қуылып, тең жартысы түрмеге тоғытылды. Олар: мұғалімдер, академиктер, дәрігерлер, журналистер, сот, жоғары сот мүшелері, полиция, прокурорлар. Солардың ішінде дене мүшелерінің 82 пайызы қимылдамайтын мүгедек әйелі, ауру баласы бола тұра, мүгедек күйеуін «әскери төңкеріске» қатысы бар деген желеумен түрмеге тоғытқан. Өздігінен жүріп тұра алмайтын, дәретханаға бара алмайтын 80 жастан асқан қариялар да бар. Остеоклазию (сүйектің еруі), гемофилия секілді ауруға шалдыққан, қатерлі ісік ауруымен ауыратын адамдар түрмеде. Зорлық зомбылықтан өліп кеткендері де бар. Бір жылға жуық түрмеде отырғандар бүгінгі күнге дейін қандай қылмыс жасап, заң бұзғанын білмейді. Өмірге баласын енді ғана әкелген аналарды ертесі күні түрмеге қамау жиі орын алды. Бұл туралы әлеуметтік желілерде «Өмірге нәресте әкелгеннің қолына кісен салады, ал өлгенді түрмеден босатады» хэштегімен қоғамдық резонанс туғызған. Сол кезде ғана билік шартты түрде жазалауға керек деп шешім шығарған. Түркия Ішкі істер министрлігі дәл қазір Түркия түрмелерінде 560 сәби аналарымен бірге түрмеде отырғанын мәлім етті. 1 жасында — 128 сәби, 2 жасында — 114, 3 жасында — 81, 4 жасында — 70, 5 жасында — 31 сәбидің түрмеде отырғаны, жас ерекшелігіне байланысты сәбилердің дәрігерге қаралуы, арнайы тексерістен өтуі керек емес пе. Алайда, түрмеде ондай мүмкіндік жоқ. 1 жасындағы баласын емізу үшін түрмеден үйіне 50 шақырымдық жолды күніне 2 рет жүретін ананың оқиғасы БАҚ-та жария болған-ды. Балаларының көзінше әке-шешелерін қолына кісен салып, сорақысы үйдегі 3 және 5 жастағы балаларды жалғыз тастап кеткен.
ТҮЙІН: Екі ел. Бірі — Кеңес одағындағы 1937-54 жылдар аралығы аналар көрген зобалаң. Екіншісі — туысқан Түркия мемлекетінде қазір болып жатқан зобалаң. Ұқсастық бар ма, бар. Екі жылға жетпейтін аз уақытта түрік әйелдерінің басынан кешкен зұлматтарын оқығанда сай-сүйегің сырқырайды. Неге бұлай? Мемлекет оларға мұншама зорлық-зомбылық көрсететіндей нәзік жандылардың кінәсі, жазығы не? Түркия мемлекетінің, басшылығының мұнысы қалай дегім келеді. Осы жағдайды біле тұра білмегенсіп, теріс айналуға менің дәтім жетпеді. Өйткені олар да мен сияқты ана ғой. Ана мен баланы айыруға кім құқық берді сіздерге? Ана үшін бұдан өткен қасірет жоқ қой әлемде. Бәрің де анадан тудыңдар. Ана мен баланы саясат құрбаны етпейік, Ананы жылатпайық ..! Әлемдегі жақсы қасиеттердің барлығы ананың ақ сүтінен дарымай ма? «Жұмақ аналардың табанының астында» деген сөздің мәніне үңілейікші бір сәт. Аналарды қадірлеуді Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) үйренелік. Ананың ақ сүтінің киесі жаман болады. Аналарын қорлаған Кеңес өкіметінің тағдыры не болды? Сабақ алыңыздар содан! Балаларды, аналарды азаптаудың шегі бар ма? Обал-сауабы кімге? Бұл сұрақтарыма кім жауап берер екен?
Сәуле Мешітбаева, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері
Мақаланың толық нұсқасын elana.kz сайтынан оқи аласыздар.