Atlas global әуежайынан Ыстамбұлдан Тбилисиге бет алған ұшақты найзағай соқты. Сол себепті ұшаққа кері қайтуға тура келген. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі РИА жаңалықтарына сілтеме жасап хабарлайды.
Белгілі болған мәліметтер бойынша ұшақ әуеге көтеріле салысымен найзағай түскен. Сол себепті ұшақ Ататүрк әуежайына қайтуға шешім қабылдады. Ал Тбилисиге кезекті рейс бірнеше сағаттан кейін жөнелтілді.
«Ұшақтың әуеге көтерілгеніне 15-20 минуттай болды. Артынша барлық жолаушылар жарық сәулені көрді. Сол сәтте ұшақты найзағай соқты. Ұшақты басқарумен қиындықтар туа бастаған соң, әуежйға қайтуға шешім қабылдады» деп хабарлады Давид Лоладзе есімді жолаушы журналистерге.
Тағы бір жолаушы Коте Матиташвилидің хабарлауы бойынша, келеңсіз оқиға салдарынан жапа шеккендер жоқ.
Шолушы: Айгерім Таубай