Еуроодақ мүшелерінің СІМ басшылары ешқандай талқысыз Қырымға қатысты санкцияларды тағы бір жылға созатынын мәлімдеді. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі РИА Новости-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Соңғы санкция мерзімі 23 маусымда бітуі керек болатын. Шектеудің ұзартылу себебі- Қырымның Севастопольге 2018 жылдың 23 маусымына дейін заңсыз қосылуынан болып отыр.
Қырымға қарсы санкцияларды ең алғаш рет 2014 жылдың маусымында енгізген. Шектеулер Қырымның Еуроодаққа импорт жасауға тыйым салуынаан басталды. Еуроодақтан Қырымға тауар әкелуге де шектеу жасалған болатын.
Қырым референдум нәтижелері бойынша Ресейдің аумағына енді. Ресеймен қосылуға жартылай аралдың 35% тұрғыны дауыс берген. Ресей президенті Владимир Путиннің мәлімденуінше, Қырымға қатысты мәселе «біржолата жабылды».
Шолушы: Назерке МҰСА